13 сәуір 2015 19:51

Tengrinews.kz Қазақстанның оңтүстік-шығысында болған зілзалалар картасын жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Карта скриншоты @Карта скриншоты

Tengrinews.kz сайты соңғы жылда болған жер сілкіністерінің картасын жасады. Картаны жасау кезінде "ҚР білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" Мемлекеттік мекемесі деректері пайдаланылды. Мекеме жер сілкіністері жиі болып тұратын Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы станцияларды қамтиды.


Tengrinews.kz сайты соңғы жылда болған жер сілкіністерінің картасын жасады. Картаны жасау кезінде "ҚР білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" Мемлекеттік мекемесі деректері пайдаланылды. Мекеме жер сілкіністері жиі болып тұратын Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы станцияларды қамтиды.

Картада Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы 1 қаңтардан бастап осы уақытқа дейін болған 55 жер сілкінісі белгіленген. Айта кетейік, бұл тізімге магнитудасы 3,5-тен жоғары жер сілкіністері ғана кірді. Сонымен қатар, картада әртүрлі түстермен белгілер салынған. Магнитудасы 4-тен төмен жер сілкіністері сары түспен, магнитудасы 4 пен 5 аралығындағы жер сдүмпулері ашық сары түспен , магнитудасы 5 пен 7 аралығындағы жер сілкіністері ашық қызғыш түспен белгілеген. Белгілердің үстіне басқан кезде жер сілкінісінің болған уақыты мен қосымша ақпараттар шығады. Белгілердің сол жағында жер сілкіністері уақыты бойынша тізілген.

Айта кету керек, жер сілкіністерінің көп бөлігі Алматыдағы тауға жақын аймақтарда, Іле-Алатауы ұлттық паркі маңында болады.

Мысалға алатын болсақ, 2015 жылдың 15 наурызында осы жерде магнитудасы 6,3-ке тең жер дүмпуі тіркелген. Тауда олардың күші 4-5 балға жеткен.

Сонымен қатар, жер сілкінісі ошақтарының көбі Қытаймен шекаралас жерде болған. Олардың барлығы салыстырмалы төмен магнитудалы - 3,5 пен 4,9 аралығында. Ал елеулі жер сілкіністерінің көбі еліміздің шығыс өңірінде болған. Мысалы, 2015 жылдың 20 қаңтарында Семейден 200 шақырым жерде магнитуасы 5,7-ге тең дүмпу болып, қалада 2-3 балдық сілкініс байқалған. Сонымен қатар, жер асты дүмпулері Қарағандыда 2014 жылдың 21 маусымында болған. Эпицентрдегі магнитуда 5,8-ге тең, облыс орталығында ол 4 балдық күшпен байқалды. Жер сілкінісі Астана қаласында да 2 балдық күшпен байқалды.

Айта кетейік, карта үнемі жаңартылып тұрады. 2015 жылдың аяғына дейін белгілі уақыт аралығында болған жер сілкіністерін таулардың қиылысқан жерін белгілейтін қосымша болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети