09 қазан 2014 11:50

Tengrinews.kz шенеуніктердің уәдесін қадағалайтын болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

 ©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Tengrinews.kz порталы "Уәделер" атты жаңа айдарды іске қосты. Ол лауазымды тұлғалар мен қоғам қайраткерлерінің мәлімдемелеріне көбірек көңіл бөлу үшін ашылды.


Tengrinews.kz порталы "Уәделер" атты жаңа айдарды іске қосты. Ол лауазымды тұлғалар мен қоғам қайраткерлерінің мәлімдемелеріне көбірек көңіл бөлу үшін ашылды.

"Уәделер" айдарында оқырмандар жұрт алдында жүрген тұлғалардың сөздеріне сенетінін, я сенбейтінін білдіре алады, ал шенеуніктер мен қоғам қайраткерлері өз жұмысын қазақстандықтардың қаншалықты мұқият бақылап отырғанын байқайтын болады. Жаңа бөлім қазақстандық шенеуніктердің болжамдары қаншалықты орындалатынын, қайсысы өз алдына "орындалмайтын" міндеттер қоятынын айқын көруге мүмкіндік береді. Өйткені шенеуніктердің бәрінің бірдей айтылған жоспарларын есте сақтай бермейтіні бар.

Мысалы, шенеуніктер метроның екі жаңа станциясын 2014 жылдың 1 желтоқсанында іске қосуға уәде беруі мүмкін. Бірақ кейін станциялардың іске қосылуы 2015 жылға қалдырылатынын, соған қарамастан, жұмыс кестесінің өзгермегенін мәлімдейді. Лауазымды тұлғалардың өз кінәлерін мойындап жататын кезі болады, мысалы, Энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин 2014 жылдың тамызында жанармай бағасы өзгермейді деген еді, бірақ айтқаны келмеді. Енді шенеунік жанармай бағасына қатысты болжам айтпайтын болды. 

Бұл алдағы айларға арналған болжамдар туралы. "Уәделер" айдарында, сонымен бірге, алдағы жылдарға арналған жоспарлардың орындалуын да қадағалауға болады. Әзірше мұндай мәлімдемелер көп емес. Шенеуніктердің бір жоспары орындалып, енді бірі орындалмай жатыр. 

Уәделердің бәрі тақырыптар мен тұлғалар бойынша топтастырылған. Айдардан қандай уәдені қандай шенеуніктің бергенін білуге болады. Оқырмандар жария етілген жоспарлардың орындалу мерзімін жіберіп алмауы үшін олардың бәрі арнайы күнтізбеге енгізілген. "Уәделер" айдарында редакциямен кері байланыс жасаудың арнайы формасы да қарастырылды, оқырмандар белгілі бір уәделерді қосуға ұсыныс білдіре алады немесе айтылған жоспардың уәде етілген мерзімінен кешігіп жатқанын хабарлай алады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.4   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети