The Spirit of Tengri 2018: фестивальдің екінші күнінде қонақтарды не күтіп тұр

03 Маусым 2018, 13:50
0
The Spirit of Tengri 2018: фестивальдің екінші күнінде қонақтарды не күтіп тұр -

Алматының жаңбырлы күндері VI Халықаралық The Spirit of Tengri фестивалін ерекше бейнелей түсті. Қатысушылар ерекше өнерлері мен өз елдерінің мәдениетін бүгін де паш етеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Басталуы сағат 17.00-де. Кіру тегін.

3 маусымда Республика Сарайының алдындағы Абай атындағы алаңда музыка кешін жалғастыратындар: Aldaspan жобасы (Қазақстан), Argymak башқұрт рокерлері, Франциядан келген YELÉ ұжымы, Speed Caravan тобы , армениялық Gata Band және Steppe Scape ("Еуразия жұлдыздары") жобасы, сонымен қатар, қазақстандық диджейлер - Алена Лобастова мен Нариман Исенов.

Ғарыштан көрінетін сапалы, дәстүрлі, табиғи дыбыс пен жарыққа үн қосыңыз.

Егер сіз бүгін Алматыдан алыста және Республика Сарайының алдында өтетін open-air шарасына келе алмайтын болсаңыз, сізді көпарналы дыбыспен сапалы онлайн-трансляция күтеді, оны Tengrinews.kz сайтынан және The Spirit of Tengri жобасының әлеуметтік желілердегі парақшаларынан тамашалауға болады.

The Spirit of Tengri фестивалі шеңберінде 2018 жылы 2 және 3 маусымда автобустардың жұмыс уақыты ұзартылады - 29, 48, 120, 121, 141 сағат 23:30-ға дейін жүреді.

"The Spirit of Tengri фестивалі Алматының ең жарқын халықаралық мәдени жобаларының қатарына кіреді, ол музыка әлемінде брэнд болып қалыптасты. Ол әлемге Алматының бірегейлігін, алуандығын, Қазақстанның ықыласы мен қонақжайлығын паш етеді", - деді Бауыржан Байбек.

EZZA ұжымы

Чилдо Томас Childo Tomas жобасымен бірге

Фестиваль Алматы әкімдігінің қолдауымен өтеді. Жобаның бас серіктесі - Magnum Cash&Carry желісі. Tez Tour Kazakhstan тур операторы да қолдау білдіреді. Қонақтарды "Қазақстан" (Hotel Kazakhstan) қонақ үйі қарсы алады. Фестивалге техникалық қолдау білдіретін - KZ Sound компаниясы.

Q2A The Spirit of Tengri бірінші күнінде

The Spirit of Tengri - қазақ жерінде әлемнің этникалық дәстүрін көрсетуге бағытталған мултимәдени жоба. 2012 жылы ұлттық Tengri FM радиостанциясы бекіткен. Бес жылда 100 мыңнан аса қонақ пен көрермен қамтылды. Оның сахнасында 30 елдің музыканттары өз өнерін көрсетті. Оның арасында түркиялық BaBa Zula тобы, қытай-моңғолиялық Hanggai ұжымы, мадиярлардың Tilla Török Band&Holdviola тобы, эстониялық TRAD.ATTACK! этнобэнді, грузиндік The Shin триосы, Башқұртстанның "Аргымак" тобы, бурят-фин-норвегиялық Nordic Namgar тобы, тывалық Радик Тюлюш "Чалама" жобасымен сахнаға шықты. Қазақстанның атынан "Алдаспан", "Шарапат", "Тиграхауд, Roksonaki топтары мен фольклорлық шығармашылығымен танылған мэтр Еділ Құсайынов та бар.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай