Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Vesti.kz спорт порталына Қазақстан Президентінің алғысы жарияланды

26 Маусым 2015, 15:38
0
© Vesti.kz
© Vesti.kz

Vesti.kz ақпараттық-спорт порталының ұжымына саламатты өмір салтын кеңінен насихаттағаны, Қазақстанның спорт журналистикасын дамытуға қосқан үлесі үшін Журналистика күні қарсаңында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың алғысы жарияланды. Бұл алғыс Қазақстанның электронды спорттық БАҚ арасында тұңғыш рет беріліп тұр.

Марапат құрамында Vesti.kz сайты бар Effective Media Liaison директоры Сұңқар Қарабалинге табыс етілді. "Журналистика күні қарсаңында Президенттің алғысын алу - біздің қызметіміздің зор нәтижесін көрсетеді. Бұл марапаттың дәрежесі атында тұр. Меніңше, Президенттен жасаған жұмысың үшін алғыс алу бұқаралық ақпарат құралдары үшін ең жоғары марапат. Біріншіден, ең басты дүниені атап өткім келеді - бұл Vesti.kz сайтының редакциясындағы бүкіл ұжымның еңбегі, ол қазақстандық интернет-басылымдар арасында ең үздік спорт басылымы деп танылды. Редакцияда жұмыс істейтіндердің барлығына алғыс айтқым келеді. Біз үшін бұл болашақ жетістіктерге жетелейтін дүние. Барлық әріптестерді, спорт саласындағы болсын, спорт саласында болмасын, холдинг атынан баршаңызды алда келе жатқан мерекемен құттықтағым келеді. Барлығыңызға жақсы жаңалық тілеймін, әріптестер", - деді Сұңқар Қарабалин, Президент алғысын алып.

 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай