18 сәуір 2018 11:59

YouTube желісіндегі TengrinewsTV арнасы күміс батырмаға ие болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

YouTube желісінде 100 мың жазылушы көрсеткішіне қол жеткізген TengrinewsTV арнасы - YouTube күміс батырмасына ие болды.


YouTube желісінде 100 мың жазылушы көрсеткішіне қол жеткізген TengrinewsTV арнасы - YouTube күміс батырмасына ие болды.

TengrinewsTV - көрерменге бірегей әрі сапалы контент ұсынушы заманауи көпжүйелі интернет телекөрсетілім. Редакция бірнеше бағытта жұмыс істейді, көрерменге ыңғайлы болуы үшін барлық контент айдарларға жеке-жеке плейлисттерге бөлінген. Олар жүйелі түрде жаңарып тұрады. 

TengrinewsTV көретіндеріңіз:

"TheЭфир" жобасы қазақ тілінде, жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызы;
"TheЭфир" жобасы орыс тілінде, жүргізушісі Фима Иванов;
"Другие места" жобасы;
эксперименттер мен видеосабақтар;
"Как это сделано" айдары;
тақырыптар бойынша сұхбаттар;
Сонымен қатар, жаңалықтар мен куәгерлер видеосы.

Бүгінде арнаның 150 мыңнан аса жазылушысы бар. Көрермендер демографиясы: ер адамдар - 69 пайыз, әйелдер - 31 пайыз. YouTube желісіндегі TengrinewsTV каналын Қазақстанда - 79 пайыз, Ресейде - 12 пайыз, Қырғызстан - 1,9 пайыз, Украина - 1,6 пайыз және АҚШ - 0,6 пайыз. 

Біздің арнамызға қызығушылық танытып, сенім білдіргендеріңізге алғыс айтамыз! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети