Yuframe, Динара Сәтжан және 2GIS негізін қалаушылар: Jastar Jalyny форумында жастарды не күтіп тұр

26 Қазан 2018, 14:20
0
Yuframe, Динара Сәтжан және 2GIS негізін қалаушылар: Jastar Jalyny форумында жастарды не күтіп тұр - © astana.gov.kz/kz
© astana.gov.kz/kz

Табысқа жеткен қазақстандықтар өздерінің тәжірибесімен, білімімен бөліседі. 30 қазанда елордада "Астана жастар форумы 2018" шарасы өтеді, - деп хабарлайды елордалық әкімдіктің ресми сайты. Шараның мақсаты - қазақстандық аудиторияны ауқымды өзгерістер мен жетістіктерге дайындап қалыптастыру.

Форум астананың талантты жастар қауымдастығын қалыптастыратын инновациялық инфрақұрылымы бар автономды алаң. Жоба бірнеше мақсатты аудиорияға бағытталады: жастар ұйымының өкілдері, ЖОО мен колледж студенттері, шығармашылық интеллигенция, астананың белсенді жастары.

Қатысушылар үздік спикерлермен, бизнес жүргізудің сарапшыларымен, танымал экономистермен, спортшылармен, бизнес-тренерлермен, жеке өсу тренерлерімен еркін түрде араласып, пікірлесе алады. Форум алаңында адамдар өз өмірін үлгі ете отырып, мүмкін емес ештеңе жоқтығын, қорқыныш пен күдігін жеңіп шыққан сәттерін айтып береді.

Форум спикерлерінің қатарында Расул Абдуллаев бар, ол Yuframe вайн-командасының негізін қалаушы, Мәулен Бектұрғанов – Мвionics компаниясының қалаушысы, Андрей Судаков - 2GIS Астана жобасын жасаушы, Әлен Түлкібаев - Астана кәсіпкерлер палатасының директоры, Арманжан Рузахунов - бразилиялық джиу-джитсуден әлем чемпионы және басқалар бар. Келушілер "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпаздары Серік Есматов пен Алексей Лодочниковпен кездесе алады.

Шара Nomad city hall концерт залында өтеді. Форумның басталуы 9.00.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай