13 ақпан 2018 11:51

Абаев ауылдарда интернеттің неге нашар екенін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет © nv.ua Иллюстрациялық сурет © nv.ua

Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Қазақстанның шалғай ауылдарында интернеттің неліктен нашар екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Қазақстанның шалғай ауылдарында интернеттің неліктен нашар екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Үкімет отырысында министр еліміздің барлық елді мекендері қандайда болса да Интернетпен қамтылғанын мәлімдеді. Дегенмен ол шалғай ауылдарда оның сапасы нашарлау екенін мойындады. 

"Жеке компаниялар шалғай ауылдарға бармайды, өйткені инфрақұрылымға шығындану керек. Сәйкесінше, ақшаны қайтару ұзақ болады. Сондықтан мемелекет осы мәселемен президенттің тікелей тапсырмасымен айналысып жатыр, биыл осыны жүзеге асыра бастаймыз деген ойдамын", - дейді Абаев. 

Сонымен қатар, министр шалғай ауылдардағы адамдар сапалы интернетті күтетінін ведомство өкілдері жақсы түсінетіндігін атап өтті. 

"Жаңа технологияны қолдану, өнімін делдалсыз сату үшін фермерлер күтіп отыр. Бұл электронды коммерция болады, өнімдер қосымшалар арқылы сатылады. Мұны мұғалімдер де күтіп отыр, заманауи онлайн курстарды пайдалану үшін. Денсаулық сақтау қызметкерлері де онлайн консультация арқылы сапалы ота жасау үшін күтіп отыр", - дейді министр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети