26 сәуір 2017 15:26

Абаев Димаш Құдайбергеннің концертінде болған жанжалға қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Димаш Құдайбергеннің Астанада өткізген концертінде болған жанжалға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Димаш Құдайбергеннің Астанада өткізген концертінде болған жанжалға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан" залында "31 арна" журналисіне қол көтеру дерегі бойынша. Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ұстанымы: біз адамға қатысты кез келген зорлық дерегіне қарсымыз. Әсіресе, өзінің кәсіби қызметін атқарып жатқан журналиске. Біз осы оқиғаны барынша мұқият тексерулерін сұраймыз. Осы дерек бойынша міндетті түрде түсінік береміз. Журналистің тарапынан қателік кетсе де біз қол жұмсау дерегін айыптаймыз", - деді Абаев.

Сондай-ақ, журналистер министрден өткен іс-шараның ұйымдастырылуына қатысты қандай да бір мәлімет біле ме, жоқ па деп сұрады. 

"Өкінішке орай, бізде ондай мәлімет жоқ. Мұны концертке келген көрермендер айту керек шығар. Олар концерттің ұйымдастырылуының сапасына баға беру керек. (...) Біз "31 арнаның" журналистерімен байланысқа шыққан жоқпыз, себебі олар осы мәселе бойынша бізге хабарласқан жоқ", - деді министр Абаев.

Сонымен қатар, Дәурен Абаев осы мәселенің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қатал түрде жүргізілетінін айтып өтті.

Еске сала кетейік, осыған дейін ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаштың концертінде жанжал шығарғандар жұмыстан қуылғанын айтқан болатын. "Мұның біз үшін EXPO-2017 көрмесін өткізудің алдында бір қорытындыға келуімізге себеп болатыны сөзсіз. Ұйымдастыру мәселесіне келетін болсақ, біз ендігіде мұндай жағдайлар қайталанбас үшін шараларды күшейтеміз, ал болашақта Димаштың концерттерін өткізетін кезде сыйымдылығы үлкенірек алаңдарды қарастыратын боламыз", - деген еді Мұхамедиұлы.

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов та "Қазақстан" ОКЗ ғимаратында журналистер мен күзетшілер арасында болған жанжалды шығарған кінәлілерді анықтайтынын мәлімдеген еді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети