Абаев сайлаудағы видеолар жайлы: Басым бөлігі - фейк

25 Маусым, 16:50
0
Абаев сайлаудағы видеолар жайлы: Басым бөлігі - фейк - Видео кадрларынан
Видео кадрларынан

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Қазақстан президентінің сайлауында болған өтірік дауыстар туралы видеолардың басым бөлігі фейк болып шыққанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Сол орындарда комиссиялар жұмыс істеді. Кейін видеолардың басым бөлігі фейк екені анықталды", - деді ақпарат және қоғамдық даму министрі. 

Бұған дейін Бас прокуратура артық бюллетеньдер лақтыру және басқа да заңбұзушылықтардың  расталмағанын мәлімдеген еді. 

"Қалғандары бойынша жұмыс жалғасып жатыр, себебі көп бейнежазбада оқиға болған учаске, аудан, қала, облыс көрсетілмеген. Тексеріс қорытындысы бойынша заңсыз әрекеттер анықталса, материалдар кінәлі адамдарды жауапқа тарту үшін сотқа жіберіледі", - деген еді Бас прокуратурада. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай