Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Абай мен Михаэлиске қойылған ыңғайсыз ескерткіш орнынан алынды

24 Маусым 2014, 12:38
0
©1720.kz
©1720.kz
Ескерткіш 24 маусым күні орнынан алынған. ©Yk.kz
Ескерткіш 24 маусым күні орнынан алынған. ©Yk.kz
©Facebook.com
©Facebook.com

Ұлы Абай мен орыс зиялысы Евгений Михаэлиске қойылған Өскемендегі атышулы ескерткіш 24 маусым күні тұғырынан алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Абай - Михаэлис ескерткішінен бастапқы нұсқадан ауытқушылық анықталғаннан кейін шеберлер оны түзеп жөндеуге алып кетті. Оларға түзету енгізу үшін қосымша уақыт берілді", - деп хабарлады қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің жетекшісі Жандос Байырханов.

Қала әкімдігінің өкілдері ескерткішті соғушыларға ешқандай ақы төленбегенін айтты, себебі жұмыс әлі қабылданбаған. Абай Құнанбайұлы мен Евгений Михаэлиске арналған ескерткіш 23 маусымға қараған түні орнатылған еді. Мүсіндердің орашолақтығы әлеуметтік желілерде жаппай наразылық туғызды, қолданушылардың көбі композицияда Абай мен Михаэлистің "селфи" жасап жатқан сияқты болып қалғанын айтса, енді біреулер мүсіндердің қортық екенін жазды. Пікірлердің дені "бұл - мәдени мұра мен тарихқа жасалған қиянат" дегенге саяды.

"Абай-Михаэлис ескерткішінде келісілген нұсқадан ауытқушылық анықталды. Ескерткішті соғушылар қысқа мерзім ішінде сәйкессіздіктерді жояды", - деп хабарлады әкімдік өкілдері. 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай