Әбдірахманов Елбасыға СІМ-нің жоспарын баяндады

14 Ақпан 2018, 12:08
10
Әбдірахманов Елбасыға СІМ-нің жоспарын баяндады - © akorda.kz
© akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қайрат Әбдірахманов Мемлекет басшысына Сыртқы істер министрлігінің қазіргі қызметі, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жоспарлары жөнінде мәлімдеді.

Елбасы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі мен Каспий маңы мемлекеттері басшыларының саммитіне дайындық барысындағы ұйымдастырушылық және мазмұндық мәселелерге баса назар аударды.

Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмалар тұрғысынан алғанда, сыртқы саясат ведомствосы экономикамыздың басты салаларына шетелдік инвестиция тарту үдерісінде ерекше рөл атқаратынын атап өтті.

Қазақстан Президенті кездесу соңында бірқатар нақты тапсырма берді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (10)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай