20 сәуір 2018 13:48

Әбдірахманов Ердоғанмен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен Сурет ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен

Бүгін, 20 қыркүйекте Анкара қаласында ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов сапары барысында Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанның қабылдауында болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Бүгін, 20 қыркүйекте Анкара қаласында ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов сапары барысында Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанның қабылдауында болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан СІМ басшысы түрік елінің басшысына Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сәлемдемесі мен ізгі тілектерін жеткізді. Қайрат Әбдірахманов атап өткендей, Қазақстанда қазақ-түрік стратегиялық ынтымақтастығын нығайтудағы Режеп Ердоғанның рөлін ерекше көреді. Бірлескен күш-жігердің арқасында Қазақстан мен Түркия көшбасшылары ислам әлемінде келісу үдерістерін жандандыру туралы мәлімдеме жасады. Қ. Әбдірахманов 2017 жылдың қыркүйегінде Астанада Түркияның төрағалығының аясында ИЫҰ-ның Ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммиті өткенін еске салды.

Ердоган Анкарада қос ел көшбасшыларының төрағалығымен жоспарланған Жоғарғы деңгейлі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің отырысы екі мемлекет арасындағы әмбебап ынтымақтастыққа үлкен серпін беретініне сенім білдірді. Қазақстан Түркияның Орталық Азиядағы ең ірі сауда әріптесі болып табылады, сондықтан Ердоған екі жақты тауар айналымын 10 миллиард долларға дейін ұлғайту туралы жаңа мақсат қоюды ұсынды.

Режеп Эрдоган Қазақстан Президентінің қолдауымен өтудегі Сирия жөніндегі Астаналық үдерістің маңызын атап өтті. Түркия Президентінің пікірінше, бұл Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін арттырды. Түркия басшысының айтуынша, кепілдік беруші елдер Сириядағы жағдайды тұрақтандыруға тырысады. Бұл туралы Түркия, Ресей және Иран лидерлері 4 сәуірде Анкарада өткен кездесудің барысында келісті. Түркия Президенті, сондай-ақ Қазақстанның рохинджа еліне гуманитарлық көмек көрсетуде қосқан үлесі үшін Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа өз алғысын білдірді.

Сонымен қатар, Анкарада Қайрат Әбдірахманов Түркия Парламентінің Төрағасы Исмаил Кахраманмен кездесу өткізді. Оның барысында парламентаралық байланыстар мен екі елдің халықаралық парламенттік ұйымдарда өзара іс-қимыл жасау мәселелері талқыланды.

Қазақстан СІМ басшысы ірі түрік компанияларының өкілдерімен және Қазақстанның Түркиядағы құрметті консулдарымен дөңгелек үстел өткізді. Министр Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына жолдауында және "Бес әлеуметтік бастама" үндеуінде бекіткен бастамалары туралы айтты. Қайрат Әбдірахмановтың айтуынша, Қазақстан Үкіметі заңнаманың тұрақтылығын бекіту, шетел инвесторларының қауіпсіздігін күшейту және елде бизнесті жүргізу шарттарын жақсарту бағытында жұмыс атқаруда. Министр ЕАЭО қызмет етуіне, "Бір белдеу және Бір жол" бастамасын іске асыруға, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығын, "Жасыл" технологиялар мен инвестицияларды дамыту жөніндегі халықаралық орталықты және IT-стартаптар халықаралық паркін іске қосуға байланысты мүмкіндіктерге назар аударуға шақырды.

Қазіргі уақытта Түркияның іскерлік топтары Қазақстанның экономикасына 2 миллиард доллардан аса қаражатты инвестициялады, ал Түркиядағы қазақстандық инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 1 миллиард долларды құрайды. Қазақстанның құрметті консулдықтары Түркияның Адана, Бурса, Невшехир, Мерсин провинциялары мен Алания қаласында қызмет жасайды.

Сонымен қатар, Қазақстан СІМ басшысы сапар барысында алдыңғы қатарлы саяси орталықтардың басшыларымен және түрік бұқаралық ақпарат құралдарының шолушыларымен кездесіп, Орталық Азия мен Таяу Шығыстағы геосаяси жағдайлар туралы пікір алмасты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети