08 желтоқсан 2014 11:51

Әбіқаев шекарашыларға әскери туларды табыс етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ҚР ҰҚК Шекара қызметі ©ҚР ҰҚК Шекара қызметі

Тәуелсіздік күні қарсаңында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің төрт бірдей әскери бөліміне ар мен намыстың символы саналатын әскери тулар тапсырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шекара қызметіне сілтеме жасап.


Тәуелсіздік күні қарсаңында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің төрт бірдей әскери бөліміне ар мен намыстың символы саналатын әскери тулар тапсырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шекара қызметіне сілтеме жасап.

Шекара академиясының саптық алаңында өткен салтанатты шара кезінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы Нұртай Әбіқаевтың қолынан Шекара қызметінің 2022, 2125, 2458 және 2468 әскери бөлімдерінің командирлері әскери туларды қабылдап алды. 

Комитет пен Шекара қызметінің басшылығы жеке құрамдарды бүгінгі айтулы оқиғамен құттықтап, оларға мықты денсауылқ, қызметтеріне табыс тіледі. ҚР ҰҚК төрағасы ар мен намысқа, батырлық пен батылдыққа үндейтін әскери туды қашанда көздің қарашығындай қорғай білу әрбір жеке құрамның басты міндеті екенін атап өтті. 

"Қазақстандық шекарашылар тәуелсіздігіміздің алдыңғы шебінде келеді, - деді Нұртай Әбіқаев, - бүгінгі тапсырылып отырған ар мен намыстың белгісі саналатын туды туды шекарашыларымыз әрқашан құрметпен ұстап, егемен еліміздің, тәуелсіз мемлекетіміздің шалғай шебін қорғауға өздерінің лайықты үлесін қоса береді деген сенімдемін". 

Жыл өткен сайын Шекара қызметінің де күш-қуаты артып келеді. Шекарашылардың ойдағыдай қызмет етуіне де жан-жақты жағдай жасалып отыр. Шекара бөлімшелеріне қажетті құрал-жабдықтар, жаңа техника мен технологиялар берілуде, қазіргі заман талаптарына жауап беретін инфрақұрылымдар салынып жатыр. Аталған іс-шара соңында Алматы гарнизонының әскери бөлімдері қонақтар алдында салтанатты саппен жүріп өтті. Әскери туларын бүгін қабылдаған жеке құрамдар салтанатты шерудің басында келе жатты. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети