Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Әбілғазы Құсайынов президенттікке кандидат ретінде тіркелді

18 Наурыз 2015, 14:59
1
Фото Тengrinews.kz
Фото Тengrinews.kz
Әбілғазы Құсайынов. Фото Тengrinews.kz
Әбілғазы Құсайынов. Фото Тengrinews.kz

Президенттікке өзін-өзі ұсынушы Әбілғазы Құсайынов кандидат ретінде тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Орталық сайлау комиссиясынан. 

Орталық сайлау комиссиясы 18 наурыз күні Әбілғазы Құсайыновты алдағы сайлауда Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы қаулы қабылдады. 

Сайлау туралы конституциялық заңға сәйкес, ниет білдіруші сайлаушылардың жалпы санының бір пайызынан кем емес көлемде қолдауға ие болуы керек және қолдаушылар облыстардың, республикалық мәні бар қалалар мен елорда халқының үштен екісінің өкілдері болуы тиіс. Нақты айтқанда, 93 мың 12 қол болуы тиіс. Құсайыновты қолдап қойылған рас қолдардың саны 132 152 болды. 

Орталық сайлау комиссиясы өзін-өзі ұсынушы Хасен Қожа-Ахметті Конституция талаптарына сәйкес келеді деп тану туралы да шешім шығарып, оған қол қою парақтарын берді.

Еске салайық, осы жылдың 15 наурызы күні Орталық сайлау комиссиясы сайлау додасына ниет білдіргендерден өтініш қабылдауды аяқтады. Барлығы 27 өтініш берілді. Мұның алдында президенттікке кандидат ретінде тек екі адамның ғана тіркелгені хабарланды - Нұрсұлтан Назарбаев пен Тұрғын Сыздықов.

ҚР президентінің кезектен тыс сайлауы осы жылдың 26 сәуірі күні өтеді.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай