05 қараша 2014 17:49

Әбілхан Қастеевтің мұражай-үйі мемлекеттің қорғауына алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әбілхан Қастеев жарымен бірге. Сурет мұражай-үйдегі экспозициядан. ©Айжан Түгелбаева Әбілхан Қастеев жарымен бірге. Сурет мұражай-үйдегі экспозициядан. ©Айжан Түгелбаева

Суретші Әбілхан Қастеевтің мұражай-үйі жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштері тізіміне енгізілді. Бұл туралы Алматы қалалық мәдениет басқармасы жетекшісінің орынбасары Рузанна Бектұрсынова Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында хабарлады. Суретші Әбілхан Қастеев кейін мұражай ашылған Бекқожин, 6а мекенжайында отбасымен бірге 1958-1978 жылдар аралығында тұрған.


Суретші Әбілхан Қастеевтің мұражай-үйі жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштері тізіміне енгізілді. Бұл туралы Алматы қалалық мәдениет басқармасы жетекшісінің орынбасары Рузанна Бектұрсынова Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында хабарлады. Суретші Әбілхан Қастеев кейін мұражай ашылған Бекқожин, 6а мекенжайында отбасымен бірге 1958-1978 жылдар аралығында тұрған.

Бектұрсынованың мәліметінше, әкімдікке бұл мәселе бойынша өтініш осы жылы түскен. "Бұл мәселені тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі комиссия талқылап, өтінішті бірауыздан мақұлдады", - деп хабарланған басқарма жетекшісі орынбасарының жауабында. Әкімдіктің мәліметінше, мұражай-үйді ескерткіштер тізіміне қосу туралы ұсынысты Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайының директоры Бақыт Сералиев жасаған. 

Сонымен қатар, әкімдік өкілдері Алматыдағы ескерткіштерді қорғау шаралары туралы хабарлады. Әкімдіктің мәліметінше, 2014 жылы Тәуелсіздік монументіне, Абай мен Шоқан Уәлиханов ескерткіштеріне, Қазақстан Жазушылар одағы ғимаратына, Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры ғимаратына және "Даңқ" мемориалдық кешеніне ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл үшін 2014 жылы 172 миллион теңге бөлініпті. Жергілікті маңызы бар нысандар тізімін мына жерден оқи аласыздар. Осыған дейін бұл тізімге Әбілхан Қастеевтің оның атындағы мұражай алдындағы және "Кеңсай" зиратындағы ескерткіштер қосылған. Мұражай республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштер тізіміне енген.  

Әбілхан Қастеев тұрған үйде 2014 жылдың қаңтар айында мұражай ашылған еді. "Бұл үйге Рокуэлл Кент, Нұрғиса Тілендиев, Мартирос Сарьян, Сара Жиенқұловалар келетін. Сондықтан әйгілі суретшіден жәдігер болып қалған осы үйге жаңа өмір сыйлауды алдымызға мақсат етіп қойдық. Әрине алдағы уақыттарда мұражай-үйге заманға сай жөндеу жұмыстарын жүргізуді де жоспарлап отырмыз. Бірінші кезеңдерде мұражай өз әлінше жұмыс жасады. Мұражайдың орналасуына арнайы қаржы бөлінбеді", - деді Қастеев атындағы Қазақ мемлекеттік өнер мұражайының директоры Бақыт Сералиев ашылу салтанатында. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі тарихи-мәдени мұра басқармасының басшысы Базарбай Алтаев министр тарапынан мұражай аумағын абаттандыруға қажетті қаржының бөлінуіне атсалысатындығын айтып, уәде берген болатын. "Мемориалдық мұражайдың ашылу барысы ұзақ болды. Егер мұражайға қажетті барлық жағдайды жасай алсақ, Алматы ғана емес жалпы Қазақстан бойынша да ең көрікті мәдени орынға айналары анық", - деді Алтаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети