20 қаңтар 2014 14:58

Әблязов Франция сотының экстрадициялау туралы шешіміне наразы

ПОДЕЛИТЬСЯ

БТА банктің экс-басшысы Мұхтар Әблязов оны Ресейге немесе Украинаға экстрадициялауды қанағаттандырған Франция соты шешіміне арызданды. Бұл туралы қашқында жүрген қазақстандық олиграхтың адвокаты Бруно Ребсток 15 желтоқсанда Agence France-Presse агенттігіне хабарлаған. "Дүйсенбі күні біз екі аппеляциялық шағым жолдадық әрі жазға дейін онымыз қанағаттандырылады деп үміттенеміз" дейді адвокат. Алдында Францияның Экс-ан-Прованс қаласының соты Мұхтар Әблязовты Украинаға немесе Ресейге экстрадициялауға мүмкіндік беретін үкім шығарған. Сонымен қатар бұл арада Ресейге көбірек басымдық беріледі, себебі украин тарабына қарағанда (400 миллион доллар) бұл ел олигархты "ірі көлемде қаражат (5 миллиард доллар) ұрлады" деп айыптайды. Мұхтар Әблязовтың Францияның Ривьер қаласында 2013 жылдың шілдесінде тұтқындалғанын еске сала кетелік. Бүгіндері ол Люин түрмесінде отыр. Бұрынғы банкирге "бірнеше миллиард доллар ұрлады" деген айып тағылған. Қазақстан қашқындағы бизнесменді елге қайтарып алуға мүдделі. Бас прокуратура Франция тарабына осыған қатысты талап-арызын жолдағаны белгілі болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети