Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Әблязов Интерпол сайтындағы халықаралық іздеу жарияланғандардың тізімде әлі тұр

12 Қараша 2015, 09:49
1
Мұхтар Әблязов. © REUTERS
Мұхтар Әблязов. © REUTERS

Мұхтар Әблязов пен оның оққағары Александр Павлов әлі күнге дейін Интерпол арқылы іздеу салынған қазақстандықтар тізімін толықтырып тұр, - деп хабарлады "Астана" телеарнасы.

Экс-банкир екі жыл бұрын Францияда тұтқындалып, тіпті оны Ресейге экстрадициялау шешіліп қойған болатын. Ал Павлов 2013 жылы Испанияда ұсталған. Сондай-ақ, тізімде биыл жазда Литвада кісенделген Әблязовтың қайын ағасы Сырым Шалабаев та жүр. Жалпы Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының ресми сайтында 63 отандасымызға іздеу салынады. Оның үшеуі Храпуновтар. Әйелі, өзі және ұлы.

"Ал атышулы Рысқалиевтер Интерпол тізімінде мүлдем жоқ. Алайда, кезінде Қаржы полициясы мен Бас прокуратура ағайынды Рысқаливтерге халықаралық іздеу жарияланғанын ресми мәлімдеген. Қашқындағы қылмыскерлер жайлы ақпаратты тек ресми сайт арқылы алуға мүмкіндік бар. Біздің елде ұйымның өкілдігі жоқ. Бір қызығы, онымен аттас дүкен бар болып шықты. Сатушылардың айтуынша, еден сататын дүкенді халықаралық қылмыстық полициямен шатыстыратындар көп көрінеді. Тіпті Ішкі істер министрлігінен маңызды сұрақтар бойынша қоңырау шалғандар болыпты", - деп хабарлады телеарна.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай