Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Әблязовтің бұрынғы оққағары Испаниядан саяси пана сұрады

12 Тамыз 2014, 11:46
0
Александр Павлов. ©interpol.int
Александр Павлов. ©interpol.int

БТА-банкінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтың күзет қызметінің бұрынғы бастығы Александр Павлов Испаниядан саяси пана сұрады, - деп хабарлайды Deutsche Welle. Еске сала кетейік, Мұхтар Әблязовтің өзі қазіргі уақытта Францияда қамауда отыр, оны экстрадициялауға Қазақстан, Ресей мен Украина мүдделі.

Павловқа саяси пана ұсынуға қатысты мәселелерге бірнеше ай уақыт кетуі мүмкін. AI испан бөлімшесінің өкілі Луис Гоместің айтуынша, Әблязовтің бұрынғы оққағары Испаниядан саяси пана ғана емес, жұмыс та тапқысы келеді. Сонымен бірге, күзет қызметінің экс-басшысы әлі күнге дейін Қазақстанда отырған отбасын өз жанына көшіріп алуды қалайды.

Испан соты өткен жылдың шілде айында Қазақстан билігінің Павловты қайтару туралы талабын қанағаттандыруды ұйғарған болатын. Павлов Испанияға 2012 жылдың желтоқсанында келген. Ал 2014 жылдың ақпан айында соттың шешімін Испания үкіметі мақұлдады. БТА банкінен 22,5 млн евро несиені заңсыз алды және бірнеше террорлық әрекет пен қаржылық қылмысты жасауға әрекеттенді деп айыпталып отырған Павлов Әблязовтің сенімді өкілі және күзет қызметінің бастығы ретінде белгілі. 

Еске сала кетейік, Мұхтар Әблязовтің өзі жалпы сомасы алты миллиард доллардан асатын қаржылық заңбұзушылықтар жасады деп айыпталып отыр. Кәсіпкерге Ресей, Қазақстан мен Украина іздеу жариялады. БТА банкінің экс-басшысы 2013 жылдың шілде айында Францияда тұтқындалды. Алғашқы инстанциядағы сот оны Ресейге экстрадициялауға шешім қабылдады, бірақ алғашқы процестегі қателіктерге байланысты іс қайтадан қарауға жіберілді. Сот тыңдауы 2014 жылдың қыркүйегінде қайтадан өткізіледі.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай