Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

"Абу-Даби Плаза" жобасында қазақстандық үлес артады

11 Сәуір 2014, 11:24
0
88 қабатты тұрғын үй кешенінің жобасы. ©Тengrinews.kz
88 қабатты тұрғын үй кешенінің жобасы. ©Тengrinews.kz

"Абу-Даби Плаза" кешенінің тапсырыс берушілері жобадағы қазақстандық үлесті арттыруға дайын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің Жергілікті үлесті арттыру жөніндегі агенттігінде ("NADLoC" АҚ) "Абу-Даби Плаза" көпбейінді кешенінің тапсырыс берушісі - "Алдар ЕвроАзия" ЖШС-мен кездесу өтті. Тараптар жобадағы қазақстандық үлесті арттыру мүмкіндігін талқылаған.

"Жуық арада біздің бірлесе күш салуымызбен талдау жұмысын жүргізу мен "Абу-Даби Плаза" кешені құрылысына тартуға болатын отандық қажетті тауар айқындамасының тізімін дайындау жоспарланып отыр", - деп хабарлады "NADLoC" Жергілікті үлесті арттыру жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ төрағасы Қайрат Бектүргенов.

Бұған дейін ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев Астанадағы "Абу-Даби Плаза" жобасын тұрғызуға отандық құрылыс компанияларын тартуды тапсырған болатын. Жобаға БАӘ салған инвестицияның жалпы көлемі - 1,6 млрд доллар. "Абу-Даби Плаза" ТМД аумағында құрылысы жоспарланып отырған тұрғын үй нысандарының ішіндегі ең биігі болмақ. Құрылыс 2017 жылы аяқталуы тиіс.

"Біз өз тарапымыздан ынтымақтастыққа және жобаға қазақстандық мамандарды тартуға дайынбыз. Жоба жұмысшыларының 75%-ы - Қазақстан азаматтары. Біз жеткізушілердің қатарынан жаңашылдыққа, тәжірибемен бөлісуге ұмтылатын компанияларды көргіміз келеді", - дейді "Алдар ЕвроАзия" ЖШС бас директоры Эльяс Дибб.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай