Адам саны көп отбасылар уақытша тіркеуге қалай тұрады - Көші-қон полициясының жауабы

12 Қаңтар 2017, 13:34
10
Адам саны көп отбасылар уақытша тіркеуге қалай тұрады - Көші-қон полициясының жауабы - © facts-world.ru
© facts-world.ru

ҚР ІІМ Көші-қон полициясының өкілі Жанар Қожахметова азаматтарды уақытша тіркеу кезіндегі бір адамға белгіленген 15 шаршы метр туралы норманың үй иесінің туыстарына қатысы болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Sputnik Казахстан" баспасөз конференциясында журналистер бір пәтерде немесе бір үйде уақытша тіркелетін адам санына қатысты шектеулер туралы сұрақтар қойды. Айта кетейік, осыған дейін Алматыда санитарлық нормаға сәйкес әр адамның кем дегенде 15 шаршы метр болатын тұрғын үйі болу керек екені хабарланған болатын.

"Бұл ережелердің барлығы жаңа заңнаманы енгізу барысында қарастырылатын болады. Әрбір облыс мәслихаттарының өкілеттігі кеңейтіліп, қалалар мен елді мекендерде ішкі көші-қон ережелері бекітілетін болады. Оны мәслихат шешеді. Бірақ бұл ереженің үй иесінің жақын туыстарына қатысы болмайтынын айтқым келеді. Бекітілетін ереже бөтен адамдарға қатысты қолданылады. Мысалы, егер де отбасында 10 бала болса және онда тағы ата-әжесі тұратын болса, бұл норманың оларға қатысы жоқ", - деді ҚР ІІМ Көші-қон полициясының өкілі.

Сонымен қатар, Жанар Қожахметова бұл нормалардың әлі қабылданбағанын айтып өтті.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (10)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай