24 шілде 2018 15:04

"Адамдарды ұлтына қарап бөлмеу керек дедім. Үндемеді" - Басы бәлеге қалған БҚО-лық мұғалімнің әріптесі

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-дағы Белес ауылында орта мектептің мұғалімі Шерхан Байзеновті Денис Тен туралы атышулы жазбасы үшін әріптестері сөкті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


БҚО-дағы Белес ауылында орта мектептің мұғалімі Шерхан Байзеновті Денис Тен туралы атышулы жазбасы үшін әріптестері сөкті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әріптестері математика пәні мұғалімінің әйгілі спортшының өлімі жайлы пікірін естігенде аңтарылып қалғанын айтады. Сөйтсек, Байзенов қаза тапқан спортшының танымал мәнерлеп сырғанаушы, Сочиде өткен 2014 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері әрі қазақстандық екенін білмеген болып шықты.

"Мұндайды күтпедім. Бұл жағдайды естігенде аңтарылып қалдым. "Не үшін бұлай жаздың?" деп сұрадым. Сөйтсем ол: "Түстен кейін демалып, телефонымды қарасам, "Денис Тен өлді" деп, бәрі жылап жатыр. Анықтамай жатып, оны қытайлық екен деп ойлаппын. Оның чемпион екенін әрі қазақстандық екенін білмедім" деп жауап берді. Мен оған адамдарды ұлтына қарап бөлмеу керек дедім. Үндемеді", - дейді мектеп директоры Азамат Майемер.

Мектеп директорының айтуынша, алдағы уақытта Шерхан Байзенов бұл мектептен жұмыстан шығады.

"Ол мектепте енді жұмыс істемейді. Бірақ қазір оны жұмыстан шығара алмаймын. Қылмыстық іс ашылды, процесс жүріп жатыр, оны жұмыстан шеттете алмаймын. Барлығы уайымдап: "Ол осылай жұмыс істей бере ме? Неге жұмыстан қумайсыз?" деп сұрап жатыр. Тергеу аяқталған соң, мен шара қабылдаймын", - деді Азамат Максимұлы.

Шерхан Байзенов 12 тамызға дейін еңбек демалысында екен. Қазіргі уақытта ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған. Бұл мектепте Байзенов 2014 жылдан бері жұмыс істеп келеді екен, ол Оралдағы колледжді тәмамдаған.

Әріптестерінің айтуынша, Байзенов кейін кешірім сұрап, видео жариялаған. 

Ал қазір 25 жастағы мұғалім ұлтаралық алауыздық тудырды деп жауапқа тартылуы мүмкін.

Мұның алдында Шерхан Байзенов жұмыстан шығуға дайын екенін мәлімдеген.  

Еске салайық, Денис Тен 19 шілдеде автоұрылардың қолынан қаза тапқан еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети