25 маусым 2015 12:38

Әділбек Жақсыбеков халықаралық ассамблеяның вице-президенті болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astana.gov.kz © astana.gov.kz

Әділбек Жақсыбеков ТМД ірі қалалары мен елордалары Халықаралық Ассамблеясының вице-президенті болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Әділбек Жақсыбеков ТМД ірі қалалары мен елордалары Халықаралық Ассамблеясының вице-президенті болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Астана әкімі Жақсыбековке Мәскеуден ТМД елордалары мен ірі қалалары Халықаралық Ассамблеясының бас директоры Селивановтың атынан жеделхат келіп түсті. Жеделхатта Халықаралық Ассамблеяның ХХІІІ сессиясының шешімімен Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков осы ұйымның вице-президенті болып тағайындалғаны туралы айтылған.

"Бас директор Астана әкімін Ассамблея атынан осы оқиғамен құттықтап, нәтижелі ынтымақтастық пен Халықаралық Ассамблеяда және Қазақстан астанасы мен ірі қалаларына лайықты өкілдік ететініне сенімін білдірді", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, 2015 жылдың 10 маусымында Мемлекет басшысының өкімімен Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков "Астана ЭКСПО - 2017" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалған болатын. ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Әділбек Жақсыбековті "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының ұжымымен таныстырды. 

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети