18 мамыр 2018 17:43

Әділет министрі Нью-Йоркте БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне қатысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әділет министрі Марат Бекетаев Нью-Йоркте БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне қатыстыӘділет министрі Марат Бекетаев Нью-Йоркте БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Әділет министрі Марат Бекетаев Нью-Йоркте БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне қатыстыӘділет министрі Марат Бекетаев Нью-Йоркте БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 17 мамырда Нью-Йоркте БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде "Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау тұрғысында халықаралық құқық нормаларын сақтауды қамтамасыз ету" ашық талқылауы өткізілді. Кеңес Польша президенті Анджей Дуданың төрағалығымен өткізілді.

Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып табылады. Отырыста елімізді Әділет министрі Марат Бекетаев таныстырды.

Әділет министрлігі халықаралық аренада ел мүддесін қорғауда және мемлекетаралық шарттарды дайындауда маңызды рөл атқарады.

Өз сөзінде Әділет министрі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға қажетті бірнеше проблемалық мәселелерді атап көрсетіп, оларды шешу үшін бірқатар ұсыныстар ұсынды.

Министрліктің мәліметінше, 2045 жылғы БҰҰ-ның 100 жылдығына қарай бейбітшілікке қақтығыссыз қол жеткізу қажет, дәл осы идеяны Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің "Мир. XXI век" атты Манифестінде ұсынды. Бұған қол жеткізу және өскелең ұрпақты соғыс апатынан құтқару үшін Манифест әлемге төнген қауіп-қатерді болдырмауға және жоюға арналған қажетті ұжымдық шараларды және осы мақсатқа жетудегі әрбір мемлекеттің жауапкершілігін анықтайды.

Екіншіден, министр халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдаудың басты құралы болып табылатын өңірлік және қосалқы өңірлік ұйымдардың маңызды рөлін атап көрсетті. Сондықтан, Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстарын басқа да өңірлік орталықтарда өткізу мүмкіндігі туралы ойланған жөн.

Осыған орай, Марат Бекетаев талқылау қатысушыларына Қазақстан Президентінің Каирдан Сеулге дейінгі 26 ел ширек ғасыр бойы превентивті дипломатия саласында табысты жұмыс жасап келе жатқан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары конференциясын құру бастамасы туралы айтып өтті.

Сөз соңында әділет министрі жаһандық проблемаларды шешуге арналған халықаралық құқықтың және оның тетіктерінің рөлін күшейтуде маңызы бар тақырыпты талқылағаны үшін польша басшылығына алғысын білдірді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.4   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети