10 қыркүйек 2014 18:09

Әділетсіз үкім шығарғаны үшін 9 млн теңге айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртау қалалық сотының экс-судьясы Наталья Маркашова. ©Айсұлу Бұштаева Теміртау қалалық сотының экс-судьясы Наталья Маркашова. ©Айсұлу Бұштаева

Теміртау қалалық сотының экс-судьясы Наталья Маркашоваға қызмет бабын пайдаланып, жалған құжат жасап әділетсіз үкім шығарғаны үшін 9 млн теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Теміртау қалалық сотының экс-судьясы Наталья Маркашоваға қызмет бабын пайдаланып, жалған құжат жасап әділетсіз үкім шығарғаны үшін 9 млн теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Айта кету керек, Фемида қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғау барысында бұл жанжал тіптен ушығып кетті. 

Оның әріптестері істі қараудан бас тартып, қылмыстық іс Октябрь аудандық сотына жіберілген. "Істі тергеу барысында Маркашованың айыбы толық дәлелденді. Сот оның айыбын қоғамнан оқшауламай-ақ өтеуге мүмкіндік берді", - дейді судья Амантай Әбдіқамалов.

Еске салайық, Теміртау қаласының экс-судьясы азаматтық іс бойынша сот актілерін ресімдеу кезінде қателіктер жіберіп қызметтік іс барысында жалған құжат жасады деп айыпталды. Соның нәтижесінде оның танысы Марина Маринкаға қалалық тұрғын үй қорынан заңсыз жолмен екі пәтер берілген. Қазір бұл іс толық дәлелденіп, экс-судьяға заңсыздыққа жол бергені үшін 9 млн айыппұл салынып отыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети