31 қазан 2016 13:14

АЭХА Қазақстанның ядролық инфрақұрылымына баға береді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© easttime.ru © easttime.ru

Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік өкілдері Қазақстан Республикасының ядролық инфрақұрылымына кешенді шолу жүргізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік өкілдері Қазақстан Республикасының ядролық инфрақұрылымына кешенді шолу жүргізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Атом энергиясын дамыту саласында ҚР мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің арасындағы ынтымақтастық жөніндегі жоспар аясында 2016 жылғы 31 қазаннан бастап 7 қарашаға дейінгі кезеңде Астана қаласында АЭХА өкілдері мен сарапшыларының қатысуымен Қазақстанның ядролық инфрақұрылымына кешенді шолу жөніндегі миссия (бұдан әрі - ИНИР миссиясы (INIR - Integrated Nuclear Infrastructure Review) өтеді", - деп хабарлайды ведомстводағылар. Делегация басшысы АЭХА Атом энергетикасы департаменті Ядролық энергетика бөлімінің директоры -  доктор Дохи Хан (Dohee Hahn) болады. Сондай-ақ делегацияның құрамына АЭХА-ның штаттық қызметкерлері және шақырылған халықаралық сарапшылар кіреді.

Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, ИНИР миссиясының мақсаты - ядролық-энергетикалық инфрақұрылымының даму мәртебесін анықтау кезінде АЭХА-ға мүше мемлекетке көмек беру. Айта кетейік, ИНИР ағылшыннан аударғанда Integrated Nuclear Infrastructure Review "ядролық инфрақұрылымға кешенді шолу" миссиялары, яғни атом энергетикалық бағдарламаны іске асыру үшін қажетті инфрақұрылымды кешенді бағалау.

"Бір апта ішінде ИНИР миссиясы атом энергетиканы дамыту бөлігіндегі Қазақстанның атом инфрақұрылымының жай-күйін зерттейтін болады. Миссия жұмысына ҚР Энергетика министрлігі, ведомствоға бағынысты ұйымдар ("ҚР Ұлттық ядролық орталығы" РМК, "Ядролық физика институты" РМК), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ» АҚ, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК» АҚ, "Самұрық-Энерго" АҚ, 'KEGOC" АҚ және "Қазақстанның ядролық қоғамы" қауымдастығының өкілдері қатысады.

ИНИР-дің есебін тыңдау және Қазақстанның атом инфрақұрылымының жағдайын жан-жақты зерттеудің нәтижесінде АЭХА сарапшылары ұсыныстары және ұсынымдарымен соңғы есепті береді. Бұл Қазақстанның ядролық-энергетикалық инфрақұрылымын дамыту және күшейту жөніндегі ұлттық жоспарды жаңартуға мүмкіндік береді", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети