07 наурыз 2014 10:01

"Аэрофлот" Қазақстан аумағында ұшуын жандандырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фотосурет Tengrinews.kz мұрағатынан алынды Фотосурет Tengrinews.kz мұрағатынан алынды

Ресейдегі ең ірі әуетасымалдаушы "Аэрофлот" компаниясы ондаған жылдар бойы тоқтап қалған жолаушылар тасымалдау қызметін қайта қалпына келтірмек, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Баспасөз қызметі таратқан мәліметте, "Аэрофлоттың" Airbus A319 маркалы әуелайнерлері енді бірер күннен кейін, яғни наурыздың 10-ынан бастап алғашқы жеке рейсін Мәскеу-Қарағанды-Мәскеу бағытына ұшырудан бастамақ. Компанияның Мәскеу-Қарағанды бағытына қатынайтын ұшақтары "Шереметьево" әуежайының D терминалынан күнделікті ұшырылып отыратын болады. "Қазақстанды бетке алған алғашқы бағыт "Аэрофлот" үшін үлкен жеңіс болып табылады. Бұл бағыт Қазақстандағы әуетасымалдаушы монополияға қарсы бағатталған шара болып есептелсе, бізде өз еліміздегі әр бағыттағы монополиялықтан бас тарттық", - делінген "Аэрофлоттың" баспасөз қызметі таратқан мәліметте. "Аэрофлот" Қазақстан нарығына кіру арқылы ТМД мемлекеттері ішіндегі жер көлемінің үлкендігі жағынан екінші орында тұрған қазақ елінің басқа да қалаларына қатынауды алдына мақсат етіп қойып отыр. Еске салайық, 1994 жылы үкіметаралық жаңа келісімге сәйкес Ресейден Қазақстанға жолаушылар тасымалдау қызметі ресейлік "Трансаэро" әуекомпаниясы жүктелген болса, ал Қазақстаннан Ресейге ұшу құқы "Эйр Астанаға" берілген болатын.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети