15 наурыз 2014 18:36

Ахметов Президент тапсырмаларының орындалуын тексерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Серік Ахметов. 
©Марат Әбілов Серік Ахметов. ©Марат Әбілов

ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов Мемлекет басшысының 2013 жылғы 11 қазандағы және 2014 жылғы 14 ақпандағы ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау бойынша кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Үкіметінің сайтына сілтеме жасап. Атап айтқанда, жекеменшік секторға беру үшін мемлекеттің қатысуымен жұмыс істейтін кәсіпорындардың тізімін анықтау, геологиялық барлау жұмыстары бағдарламасын дайындау, "Самұрық-Қазына" АҚ құрамына енетін компаниялардың өндіріспен тікелей айналысатын жұмысшыларының еңбекақысын көтеру және басқа да Президент тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша мәселелер қаралды. Сондай-ақ халықаралық "Қазақстан Жібек Жолы" деңгейінде көлік-логистика жүйесін құру, "Кендірлі" курортын одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар енгізу және жаңғыртылған табиғи ресурстарды пайдалану сферасында отандық ғылымды дамытуға қолдау көрсету бойынша тапсырмалардың орындалу барысы қаралды. "Тұтастай алғанда, Президент тапсырмаларын орындау жақсы жүріп жатыр. Бірінші басшылар бұл мәселелерді айрықша назарда ұстауы керек. Біз мемлекеттік органдардың есептерін тұрақты түрде тыңдайтын боламыз", - деп түйіндеді Серік Ахметов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети