21 қаңтар 2014 18:43

Ахметов теміржол басшыларына плацкарт вагонмен жүріп көруді ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz мұрағатынан Фото Tengrinews.kz мұрағатынан

ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов "Қазақстан Теміржолы" компаниясы жетекшілері плацкарт вагондармен жүріп көруге кеңес берді деп хабарлайды Tengrinews.kz "Билет құнының көтерілуі көрсетілетін қызмет сапасына лайықты болуы керек. ...Компанияның және жауапты бөлімшелер басшыларының өзі тұрақты түрде пойызбен жүріп көріп, санитарлық талаптар мен қызмет көрсетудің сапасын тексеріп тұруы тиіс. Плацкарт вагондармен жүріп көріп, ең болмағанда, купелердің қалай жұмыс істейтінін қарау қажет. Бұл өте маңызды", - деп мәлімдеді Үкімет басшысы компанияның 2013 жылғы жұмыстарын қорытындылауға арналған алқа мәжілісі барысында. С.Ахметов қашық бағыттарға және қала маңына қатынайтын пойыздардағы қызмет көрсету сапасына қатысты жолаушылардан шағымдардың жиі түсіп жататынын айтты. "Вагондардағы санитарлық талаптардың сақталуы бойынша өз міндетін адал атқармаушылық байқалады, билеті жоқ жолаушыларды тасымалдауға, жолаушылар вагондарында жүк тасымалдауға делдал болуға жол беріледі", - деді Премьер-министр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети