Air India ұшағы Астана әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды

26 Қаңтар, 14:30
0
Air India ұшағы Астана әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды - Сурет "Нұрсұлтан Назарбаев" әуежайының баспасөз қызметінен
Сурет "Нұрсұлтан Назарбаев" әуежайының баспасөз қызметінен

Air India ұшағы жолаушының өзін жайсыз сезінуіне байланысты Астана әуежайына қонуға мәжбүр болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Нұрсұлтан Назарбаев" әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Астана уаықтымен таңғы 07:30-да "Нұрсұлтан Назарбаев" халықаралық әуежайына Дели - Чикаго бағытымен ұшып бара жатқан Air India әуекомпаниясының әуе кемесі шұғыл қонуға мәжбүр болды. Себебі - ұшақтағы жолаушылардың бірі өзін жайсыз сезінген (астма диагнозы)", - делінген таратылған хабарламада. 

 Әйел адамды екі туысының сүйемелдеуімен қалалық № 2 ауруханасына жеткізді. Boeing 777 ұшағының бортында 341 жолаушы және 19 экипаж мүшесі болған. 

"Нұрсұлтан Назарбаев" әуежайында ұшаққа жанармай құйып, техникалық бақылаудан өтті. Әуе кемесі Астана әуежайынан 12:03-те Чикагоға ұшып кетті. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай