"Ақ жол" партиясы Сағынтаев пен Ақышевтан БЖЗҚ мәселесін басқаша шешуді сұрады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

"Ак жол" партиясының Мәжілістегі өкілі Дания Еспаева елдің премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев пен Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышевқа БЖЗҚ айналасында өрбіп жатқан оқиғаларға қатысты депуттатық сауал жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"Ак жол" партиясының Мәжілістегі өкілі Дания Еспаева елдің премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев пен Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышевқа БЖЗҚ айналасында өрбіп жатқан оқиғаларға қатысты депуттатық сауал жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тергеудің мән-жайына үңілмей-ақ біздің фракция БЖЗҚ 5 миллиард теңгеге жасалып, дауға қалған келісімшарттарға қол қояр кезде зейнетақы төлемдерін емес, өз қаржысын жұмсады деген Ұлттық банктің мәлімдемесімен мүлде келіспейді. "Ақ жол" фракциясы БЖЗҚ-да өз қаржысы болуы мүмкін емес және қордағы қаржының барлығы миллиондаған азаматтың сеніп жасаған зейнетақы төлемдері немесе осы қаржыдан түскен пайда деп есептейді. БЖЗҚ-да жиналған қаржы ерікті түрде жасалатын жинақ емес, салық түрінде міндеттеліп алынатынын еске салғымыз келеді. Міне осы себепті ерекше назарда болу мен қорғауды қажет етеді", - деп депутаттық сауал жолдады Дания Еспаева.

Депутат қордың қаражатын басқару мемлекет қарамағында және ашық болу керек деп есептейді. 

"БЖЗҚ монополиялық жағдайда жұмыс істеп, бәсекелестерінің болмауына байланысты оның тұрақтылығы мен табыстылығын жақсартуға бағытталған жұмыс жүргізілмей отыр", - деп атап өтті депутат. 

"Ак жол" фракциясы БЖЗҚ монополиядан бас тартуын, салымшылар таңдау жасай алатындай бірнеше ірі бәскелес қор құруды және олардың қызметі мемлекеттің қатаң бақылауында болуын сұрады. Сонымен қатар, депутаттар индустриализация бағдарламасы аясында зейнетақы жинақтарын инвестиция құралы ретінде пайдалану мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. 

Еске салайық, 2016 жылдың 21 желтоқсанынан бастап ҚР Ұлттық банкінің қатысуымен "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" Акционерлік қоғамының қызметіне тексеріс жүргізілген болатын. Сол кезде тексерістің БЖЗҚ акционерлік қоғамының меншікті активтерді инвестициялауға қатысты жасалған операциялары бойынша жүзеге асырылып жатқаны айтылған еді. "БЖЗҚ" АҚ-тың меншікті активтері оның капиталы және шаруашылық қызметінің нәтижелері есебінен қалыптастырылады екен. "БЖЗҚ" АҚ меншікті активтерді дербес басқарады", - деген еді банктегілер.

Ал 9 қаңтарда БЖЗҚ басшылығы қамауға алынған болатын."Олар Жаңа жылдың алдында қамауға алынған. Аты-жөндерін білмеймін, біз оларды атамадық. Жетекші мен орынбасарларының бірі қамауға алынған", - деген еді ҚР Ұлттық банкінің қаржы қызметтері тұтынушыларының құқығын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.13  course up  593.24  course up  6.42  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer