10 маусым 2014 14:37

"Ақбұлақтың" мінсіз орындалатынына министрдің өзі кепіл бере алмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©primeminister.kz ©primeminister.kz

Өңірлік даму министрі Болат Жәмішевтің ойынша, "Ақбұлақ" бағдарламасы орындау барысында жауапсыз басшылар әлі де болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Өңірлік даму министрі Болат Жәмішевтің ойынша, "Ақбұлақ" бағдарламасы орындау барысында жауапсыз басшылар әлі де болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, 2020 жылға дейін барлық қалаларға орталықтандырылған су желісі тартылуы тиіс. Ауылды жерлер 80 пайызға сумен қамтамасыз етілмек. "Енді, қалғаны (20 пайызы - авт.) бұл болашағы жоқ ауылдар ғой. Қазіргі көрсеткіш - 47 пайыз. Сонда бізге суы бар ауылдардың санын екі есе көбейту керек", - деді Б.Бидахметұлы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Министр бағдарлама аясында біраз кемшіліктердің болғанын мойындайды. "Иә, сапасыз салынып жатқан нысандар бар. Дегенмен, біз бұған дейінгі кемшіліктердің біразын жойдық. Мәселен, бұрын геологиялық барлау жұмыстарын бітірмей тұрып, су желісін тартушы еді. Ал магистральды салып болғаннан кейін ол таратушы желімен сәйкес келмей қалатын. Қазір ондай тәртіп бұзушылықтарға жол берілмейді. Министрлік осы мәселені бақылай алады", - дейді Б.Жәмішев.

"Ал жауапсыз шенеуніктердің жазаға тартыла ма?" деген сұраққа министр: "Енді, жергілікті жерде "Ақбұлақтың" сәтті іске асуына әкімдер жауапты ғой. Олар бір-бірінен (облыс әкімі ауыл әкімінен) жауап алып, тиісті шешімдер қабылдайды. Меніңше, бөлек бір жауапсыз атқарушылар бәрібір болады. Министрлік болса, жүйелі мәселелердің себептерін жоюға тырысады", - деп жауап берді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети