20 шілде 2017 10:39

Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты үкімнің неліктен әлі күнге шықпағанын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты неліктен әлі күнге үкімнің шықпағанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты неліктен әлі күнге үкімнің шықпағанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ақпанның соңында Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты сот үкімі шығуы тиіс еді. Бұл қайта өткелі отырған сот. Бастапқыда Ақжарқынға өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы жаза тағайындалған еді. Бірақ кейін апелляцияда үкімнің күші жойылды, ал іс құрамында жаңа судьялар бар бірінші инстанциядағы сотқа жолданды. Алайда 27-28 ақпанда үкім шықпады және белгісіз уақытқа шегерілген еді. Содан бері 4 айдан аса уақыт өтіп кетті. Ақжарқын Тұрлыбайдың тарапы ҚР СІМ-мен бірлесе отырып, сот процесін бақылап отыр. Мен ҚХР-дың ҚР консулдық қызметіне өтініш білдірдім. ҚР СІМ дипломатиялық процедура өткізіп жатыр (нота дайындалды). Мұның барлығы да сот Ақжарқын Тұрлыбайдың қатысуымен процестің жаңа кезеңіне өтуі үшін жасалып отыр. Көптеген процедура бар, уақыт қажет", - деп түсіндірді қыздың адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов.

Еске салайық, қазақстандық 20 жастағы студент Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурызында Қытай мен Малайзияның шекарасында ұсталған еді. Оның жүгінен 4,5 келі есірткі табылды делінді. Қыз сөмкесінде есірткінің барын білмегенін айтты. Кейін Қытай соты оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Алайда бұл шешімнің күшін апелляциялық инстанция күшін жойған болатын. Ал 2017 жылдың ақпанында Қытайда апелляциялық инстанцияның үкімі шығуы тиіс еді, алайда ол да белгісіз уақытқа шегерілген.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети