ПОДЕЛИТЬСЯ
13 қыркүйек 2019 | 16:12
Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы жазған хат Президентке жетті
Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайда жазасын өтеп жатқан Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы жазған хатты біледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайда жазасын өтеп жатқан Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы жазған хатты біледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бұл үндеуді уақытында алдық. Қытайға ұшар алдында Мемлекет басшысына жеткіздім. Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл мәселені жоғары деңгейде көтерді. Іспен СІМ айналысады. Бұл мәселені оң нәтижемен шешу үшін бар күшімізді саламыз", - деді Президенттің көмекшісі Мұрат Нұртілеуов.
Бұған дейін Қытайда абақтыда отырған Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы Зухра Сейтімова Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдаған болатын. Оның мәтінін мына жерден оқуға болады.
Ақжарқын Тұрлыбай есірткі тасымалдағанын әлі мойындаған жоқ. Ол Қытай түрмесінде алтыға жуық жыл бойы жазасын өтеп жатыр. 2015 жылы маусымда Гуандун соты қазақстандықты өмір бойына бас бостандығынан айырған еді. Алайда 2016 жылы мамырда үкімнің күші жойылып, іс қайта қаралатын болды.
Показать комментарии
Читайте также