24 маусым 2016 15:29

"Ақкент" тұрғын үй кешеніндегі наразылық шарасына қатысты компанияның заңгерлері түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куәгер жолдаған сурет Куәгер жолдаған сурет

"Ayt Housing Complex" компаниясының заңгерлері "Ақкент" тұрғын үй кешеніндегі ондаған отбасыны пәтерлерінен шығаруға қатысты түсінік берді. Tengrinews.kz тілшісіне компанияның заңгері Гүлжан Сапронова тұрғындардың пәтердің ақшасын бөліп төлеймін деп алғандықтан, қарыздарын өтемей жүргенін айтты.


"Ayt Housing Complex" компаниясының заңгерлері "Ақкент" тұрғын үй кешеніндегі ондаған отбасыны пәтерлерінен шығаруға қатысты түсінік берді. Tengrinews.kz тілшісіне компанияның заңгері Гүлжан Сапронова тұрғындардың пәтердің ақшасын бөліп төлеймін деп алғандықтан, қарыздарын өтемей жүргенін айтты.

"Оларды қарыздарын төлемегендіктен пәтерлерінен шығарып жатырмыз. 3-4 жыл бойы төлемей жүр. Қарыздары 5 миллион теңгеден 12 миллион теңгеге дейін жеткен. Оларға қатысты сот үкімі де бар", - деді заңгер Гүлжан Сапронова.

Сонымен қатар, Сапронова "Ақкент" тұрғындарының кейбіреулері пәтерлерін сотталып кеткен алаяқ әйелден сатып алғанын айтты. "Біздің "Ақкент" аумағында үш кеңсеміз бар. Басқарма мен сату бөлімі сол жерде орналасқан. Қарызын төлемей жүргендердің біреуі де кеңсеге келмей, ешқандай қолхат жазбай ақшаны алаяқ әйелге бере салған. Ол әйелге қатысты сот үкімі шықты", - деді Сапронова. 

Еске салайық, 15 маусымда Алматы қаласы Алатау ауданындағы "Ақкент" тұрғын үй кешенінің ондаған тұрғынына арналған жиналыс наразылық шарасына ұласқан болатын. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне митингке қатысушылардың бірі Гаухар Құлжабаева хабарлаған еді. Ол оқиға орнынан суреттер мен видеожазбаларды жіберді. Оның айтуынша, тұрғындар оларды үйлерінен көшіріп жатқанына наразылық көрсетті.

"Біз - бөліп төлеушіміз. Мердігерлермен бұл мәселені қарастырып жатырмыз, олармен сот процестері жүріп жатыр. Былтыр 46 отбасы пәтерлерінен көшірілді. Ал биыл 186 отбасыны пәтерлерінен шығарып жібермекші. Тұрғындар үйді бөліп төлеймін деп бес жылға алды. Бірақ ол ақшаны төлей алмады. Ал кейбіреулер тіпті алаяққа алданып, ақшаларын берген", - деді ол.

Құлжабаеваның айтуынша, бұған дейін Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбектің орынбасары бұл іс толық қаралмағанша, тұрғындардың үйлерінен шығарылмайтынына уәде берген.

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети