Әкімдер ауылды өз меншігі санайды - Сапарбаев

06 Ақпан 2018, 12:43
0
Әкімдер ауылды өз меншігі санайды - Сапарбаев -

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ауылдағы әкімдердің өздігінен әмір жүргізетіндігін сынға алды, - деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Облыстың былтырғы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін талдағанда өңір басшысы Бердібек Сапарбаев "ұйықтап жүретін әкімдерді" сынға алды. Оның сөзінше, ауыл әкімдері мен мектеп директорлары өздігінен "хан" болып алған.

"Өмір бойы әкім боламын деп ойлайды. Әрдайым айтамын, бұл әкесінің сатып алған қызметі емес. Ал бізде көптеген ауыл әкімдері мен мектеп директорлары хан болып алған. Ауылды өзінің жеке меншігі, мектепті өзінің меншігі деп отыра береді. Қазір ұйықтап отыратын заман емес! Ол дәуір баяғыда өтіп кетті", - деді Сапарбаев жиналған шенеуніктерге.

Содан кейін "Құлан" мен "Алтын асық" бағдарламаларын орындауда төмен көрсеткішке ие болған ауылдық округ әкімдері сөгіс естіді.

"Қолыңыздан келмей ме? Бірден айтыңыз. Қолыңыздан келмесе, онда "басқа жұмысқа барайын" деп мал бағыңыз", - деді Бердібек Сапарбаев Байтурасай ауылдық округінің әкіміне.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай