12 қаңтар 2017 | 13:40

Әкімдік Астанада уақытша тіркеу үшін пәтерден шығарылып жатқан отбасыға көмектеседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ботагөз Сұлтанова және оның ұлы Адиль. © Facebook Ботагөз Сұлтанова және оның ұлы Адиль. © Facebook

Елордалық "Сарыарқа" ауданының әкімі уақытша тіркеу үшін пәтерден шығарылып жатқан отбасыға көмек тесуге уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Елордалық "Сарыарқа" ауданының әкімі уақытша тіркеу үшін пәтерден шығарылып жатқан отбасыға көмек тесуге уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазіргі уақытта біздің мәселе пәтерақыны төлей алмағанымызға қатысты емес, пәтерді жалға берушінің белгілі бір себептермен бізді уақытша тіркеуге қоя алмайтындығында. Сол себепті ол бізді пәтерден шығармақшы. Ал, бұл жағдай бізге ауыр, себебі қысты күні екі баламен көшу қиын, оның біреуі онкологиялық аурумен ауырады", - деді Ботагөз Сұлтанова. 

Астана қаласының "Сарыарқа" ауданының әкімі Арман Тұрлыбектің айтуынша, қызметкерлер осы мәселені шешу жолдарын қарастырып жатыр. 

"Менің ойымша, бүгін-ертең бұл мәселені шешеміз. Бұл жағдайды қараусыз қалдырмаймыз", - деді Арман Тұрлыбек Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Еске салайық, Астанада пәтерін жалға беруші екі баласы бар ананы уақытша тіркей алмағаны үшін пәтерден шығарып жатқаны хабарланған. Отбасындағы үлкені - алты жастағы Әділ - онкологиялық ауруға шалдыққан. Оның жақында инфекция жұқтырып, бір көзі көрмей қалған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети