17 тамыз 2018 09:19

Әкімдік өкілдері "Қазақфильммен" жер учаскесі жайлы шыққан дауды түсіндіріп берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kazakhfilm.kazakh.ru © kazakhfilm.kazakh.ru

Алматы әкімдігінің өкілдері "Қазақфильм" киностудиясының 5,5 гектар учаскесін жалға беру туралы келісімшартын 2017 жылы бұзған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы әкімдігінің өкілдері "Қазақфильм" киностудиясының 5,5 гектар учаскесін жалға беру туралы келісімшартын 2017 жылы бұзған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, "Қазақфильм" киностудиясындағылар Алматы әкімдігіндегілердің Ethnoland ұлттық-мәдени кешенін салу мақсатында олардан мәжбүрлі түрде жер тартып алмақшы екенін мәлімдеген.

Әкімдіктің Туризм және ішкі байланыстар басқармасының басшысы Мақсат Кикимовтің айтуынша, Алматыда Ethnoland ұлттық-мәдени кешенін салу жоспарланып отыр.

"Осыған дейін "Қазақфильм" киностудиясының өкілдері олардың меншігіндегі жер учаскесін осындай жобаға жүзеге асыру жайлы ұсыныстары айтатын. Содан кейін біз "Қазақфильм" студиясымен біріге отырып,  Ethnoland ұлттық-мәдени кешені салу туралы идея келді. Бұл мәселе 2017 жылдың 20 қыркүйегінде Мемлекет басшысының қатысуымен өткен кеңесте талқыланған болатын. Кеңес қорытындысы бойынша әкімдіке осы жобаны жүзеге асыру тапсырылды", - деді әкімдік өкілдері.

Сондай-ақ, қалалық әкімшіліктің өкілдері ол жер учаскесінің  "Қазақфильмге" тиесілі емес екенін айтты, жер оларға жалға берілген екен.

"Әкімдік "Қазақфильм" киностудиясының жерін мәжбүрлі түрде тартып алмақ деген мәлімдеме шындыққа жанаспайды. Бұл жер "Қазақфильмге" тиесілі болған жоқ, ол тек жалға берілді. 2017 жылдың желтоқсанында ол келісімшарт күшін жойды. Алайда киностудия өз позициясын өзгертіп, сотқа арызданыпты. Олар осымен сотта екінші рет жеңіліп отыр", - деді әкімдіктегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети