11 желтоқсан 2019 15:20

Әкімдіктегілер "Алғабаста" тұрғын үйдің қисайғанын растады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматы әкімдігінің өкілдері "Зерделі-6" (бұрынғы "Алғабас" ) ықшамауданындағы қисайған үйге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімдігінің өкілдері "Зерделі-6" (бұрынғы "Алғабас" ) ықшамауданындағы қисайған үйге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мамандар тұрғындарға жағдайдың қауіпті емес екенін айта отырып, сабыр сақтауға шақырады.

Алматы қаласы Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Қуандық Айтмағамбетов үйдің бір сантиметрге ғана қисайғанын айтады. Сондықтан тұрғындарды эвакуациялаудың қажеті жоқ дейді.

"Шамамен бір сантиметрге қисайған. Тұрғындардың айтуынша, қыркүйекте үйдің маңындағы құдықтан су тасыған, ал ол құдықты кейін ғана 7 желтоқсанда жапқан. Сол да үйдің қисауына себеп болуы мүмкін деп ойлап отырмыз", - дейді Қуандық Айтмағамбетов.

Алматы қаласы Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы ертең, 12 желтоқсанда топырақ сынамасы алынатынын айтты.

Еске салайық, мұның алдында алматылықтардың  "Алғабаста" тұрғын үйдің қисайғанын хабарлап жатқаны айтылған еді. Осы үйдің тұрғыны Данияр Мұхаметов 8 желтоқсанда үйдің қисая бастағанын байқағанын айтады. "Көрші үймен салыстырғанда біздің үй қисайып жатыр. Тұрғындар, көршілер барлығы шағымдана бастады. Есікті жабу да қиындап кетті. Кеше ТЖ қызметкерлерін, әкімдіктегілерді шақырдық, үйді қарап кетті", - деген еді Данияр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети