02 наурыз 2018 16:43

Әкімдіктегілер Алматыда су тасқынының алдын алу үшін қандай шаралар жүргізіліп жатқанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қалалық әкімдігінің өкілдері судың басып қалуының алдын алу бағытында қандай шаралардың жүргізіліп жатқанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қалалық әкімдігінің өкілдері судың басып қалуының алдын алу бағытында қандай шаралардың жүргізіліп жатқанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімдік өкілдерінің мәліметінше, Алматының аудан әкімдіктері, құтқару қызметттері мен мердігерлік ұйымдары қардың жауғаны мн еруіне байланысты су тасқыны болжамы бойынша жергілікті жерлердегі көшелер мен аулаларда кезекшіліктер ұйымдастырылып жатыр. Жедел режимде судың басып қалуының  алдын алу жөнінде кешенді шаралар жүргізіліп жатыр.

Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының ақпараты бойынша, мегаполист еріген сулар ағатын арықтар жүйелері дереу тазартылып, түрлі шаралар атқарылуда. Аудан әкімдіктері осы мәселеге қатысты белгіленген кесте бойынша жұмыс істеуде. Қазірдің өзінде оңтүстік астанада 450 шақырым арық тазарды,15 мың текше метр қар мен қоқыс сыртқа шығарылды. Тазарту жұмыстарына 840 жұмысшы,140 арнайы техника бірлігі тартылған. Бұдан өзге 350 жол жұмысшылары, 30 самосвал және 7 тиегіш қосымша жұмыс істеуде.

Су тасқынының алдын алу үшін тағы 673 адам, ТЖД мен Құтқару қызметі тарапынан 80 адам іске кіріскен, қосымша 114  арнайы техника бірлігі тартылып, 15 мың қап пен 10 мың м3 құм дайындалған.

"Алматы әкімдігі соңғы жылдары судың тасқынының алдын алу үшін бірқатар кешенді шараларды  атқарды, соның ішінде Алатау, Әеуэзов, Алмалы, Бостандық, Медеу аудандарында 30 шақырым арық желілері қайта жасалды, Есентай, Қимасар,Жарбұлақ өзендерінің жағалаулары нығайтылып, бекітілді. Бұлардан өзге, 6 өзен көпірі күрделі жөнделді", - дейді әкімдіктегілер.

Ведомство мәліметінше, Алатау және Наурызбай аудандарының проблемалы учаскелерінде және Алатау ауданының "Теплоэнергетик", "Энергостроитель" елді мекендерінде жауын мен еріген суларды ағызып әкететін ұзындығы 12,3 шақырым болатын арық және дренажды жүйелер салынды, "Қарғалы" өзенінің 4,8 шақырым жағалауы бетондалды. Наурызбай ауданындағы «Қарғалы» өзені жағалауының 7,7 шақырым жерінде апатты қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.

"Биыл "Мыңжылқы" плотинасын қайта жасауды аяқтау жоспарланған. «Ақсай»,«Аюсай» шатқалдарының бойына селден қорғайтын екі плотина салу үшін жер бөлу процедуралары аяқталып қалды.

Қаланың 58 көшесінде  42 км арық желісін қайта жасаудың ЖСҚ жасалуда, жұмысты 2018 жылдың соңында толық бітіру белгіленген.2020 жылға дейін 44,3 км жолды реконструкциялаудың ЖСҚ қолға  алынады.

Алматы қаласында 2018 жылдың су тасқыны кезінде қауіпсіздік қамтамасыз ету үшін  жеке құрамында 5,5 мың адам жасақталған, сонымен қатар түрлі бағыттағы 1716 техника, 12 жүзу бірлігі, 80 мотопомп бірлігі мен 101 автономды", - деп хабарлады қалалық әкімдіктің өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети