09 сәуір 2015 18:01

Әкімдіктер ардагерлерге берген уәдесінде тұрмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Vmnews.ru @Vmnews.ru

Әкімдіктер ҰОС ардагерлерін белгіленген уақыт аралығында тұрғын үймен қамтамасыз етіп үлгермеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыповаға сілтеме жасап.

"Нұр Отан" партиясы отырыстарының бірінде барлық жергілікті атқарушы органдар кезекте тұрған 104 ардагерді баспанамен қамтамасыз етуді мойынына алған. Олардың ішінде 82 ардагер тиісті баспаналарын уақытылы алды. Қалғандары кезекте тұр. Жергілікті атқарушы органдар 9 мамырға дейін қалған ардагерлерді де тұрғын үймен қамтамасыз етеді деп сенемін", - деді Светлана Жақыпова Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.

Айта кетейік, "Нұр Отан" партиясының 2015 жылдың қаңтарында өткен жиналысында "Жеңістің 70 жылдығына орай жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған ардагерлер Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2015 жылдың 20 наурызына дейін тұрғын үймен түгел қамтамасыз етіледі", - деп хабарлаған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети