09 желтоқсан 2016 09:25

Ақмола облысында әйелі күйеуін арақ ішпеуге және жұмысқа орналасуға сот арқылы міндеттеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Avdet © Avdet

Ақмола облысында әйелі күйеуін сот арқылы арақ ішпеуге және жұмысқа орналасуға міндеттеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ақмола облысында әйелі күйеуін сот арқылы арақ ішпеуге және жұмысқа орналасуға міндеттеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бурабай аудандық соты азаматшаның некені бұзу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады. Сотта ерлі-зайыптылардың ойлары бойынша, олардың бірлесіп өмір сүруі қалыптаспаған және араларындағы ерлі-зайыпты қатынастар тоқтатылған. Сонымен қатар, олардың кәмелетке толмаған баласы бар екен, бірақ сонда да олар одан әрі бірлесіп өмір сүруі және отбасын сақтауы мүмкін емес деп есептеген.

Алайда сотта кәсіби медиатордың қатысуымен дауды реттеу туралы ерлі-зайыптылардан өтініш түскен. Осылайша, азаматшаның талабы бойынша, оның жұбайы спирттік ішімдіктерді ішпеуге және жұмысқа орналасуға міндеттенді.

Сот ұйғарымымен медиативтік келісім бекітілді. Некені бұзутуралы азаматтық іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети