27 маусым 2018 14:07

Ақмола облысында баланы соққыға жыққан экс-әкімге айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ktk.kz © ktk.kz

14 жастағы баланы ұрып-соқты деп айыпталған Ақмола облысы Қорғалжын ауданындағы ауылдық округтің экс-әкіміне айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


14 жастағы баланы ұрып-соқты деп айыпталған Ақмола облысы Қорғалжын ауданындағы ауылдық округтің экс-әкіміне айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қорғалжын аудандық сотында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 1-бөлігі бойынша айыпталған Жанат Омаровқа қатысты әкімшілік іс қаралды. Соттың үкімімен Жанат Омаров Диас Мұқанның денсаулығына зиян тигізді деп танылды", - деп хабарлады Ақмола облыстық соттың баспасөз қызметінің басшысы Күләш Домалақова.

Сот экс-әкімді әкімшілік жазаға тарту туралы шешім қабылдап, оған 15 айлық есептік көрсеткіш (36 мың теңгеден сәл асады) көлемінде айыппұл салды.

Күләш Домалақованың айтуынша, соттың үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, осыған дейін Ақмола облысында әкімге баланы соққыға жықты деген айып тағылғаны хабарланған болатын. 

Ал кейінірек Ақмола облыстық Тәртіптік кеңесі жедел отырыс өткізіп, әкімге лайық емес іс істеген Жанат Омаровты мемлекеттік қызметтен қуу туралы ұсыныс айтқан еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети