Ақмола облысында біреулер тәжікстандықтың төлқұжатын тартып алып, коттедж салуға мәжбүрлеген

12 Тамыз 2016, 16:23
0
Ақмола облысында біреулер тәжікстандықтың төлқұжатын тартып алып, коттедж салуға мәжбүрлеген - © militariorgucoz.ru
© militariorgucoz.ru

Тәжікстан азаматы Бурабай ауданында еңбек құлдығына тап болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Учаскелік полиция инспекторы және Бурабай аудандық ІІБ көші-қон полициясының қызметкерлері Ақмола облысы Ключевое ауылында жүргізген рейд кезінде біреулердің Тәжікстанның 36 жастағы азаматын күштеп, бір коттеджде ұстағаны туралы деректерін анықтады.

Ер адам Қазақстанға табыс табу үшін жаздың басында келген. 20 шілдеде оған Бурабай ауданы Ключевое ауылында жұмыс істеуді ұсынған. "15 күн жұмыс істеген соң, жұмысшылар өз ақшасын ала алмаған, сосын ол кететін болып шешкен. Алайда коттедж қожайыны оны тоқтатып, төлқұжатын тартып алып, коттеджді салып бітірген кезде құжаттарын қайтаратынын айтқан. 11 тамызда шетелдік азаматты полицейлер құлдықтан босатты", - деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері.

Қазіргі уақытта осы дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 126-бабының 1-бөлімі ("Бас бостандығынан заңсыз айыру") бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Полицейлер осы нысанда басқа да шетелдік азаматтардың болған-болмағанын анықтау үстінде.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай