03 маусым 2016 16:58

Ақмола облысында ІІД мен Көліктегі ІІД басшылары тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Ақмола облысында ІІД мен Көліктегі ІІД басшылары тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.


Ақмола облысында ІІД мен Көліктегі ІІД басшылары тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты Марат Демеуов Ақмола облысының және көліктегі ішкі істер департаменттерінің жаңа бастықтарын жеке құрамға таныстырды.

ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Ақмола облысының ІІД бастығы лауазымына полиция полковнигі Ержан Саденов тағайындалды.

Ержан Сапарбекұлы Саденов Шығыс Қазақстан облысында туған. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін және ҚР ҰҚК Қарағанды жоғары мектебін тәмамдап, ҚР ІІМ департаментінің бастығы, көліктегі ішкі істер департаментінің бастығы болып қызмет атқарды.

Сонымен қатар, ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Көліктегі ІІД бастығы лауазымына полиция полковнигі Аманжол Қабылов тағайындалды.

Аманжол Жайғалиұлы Қабылов Атырау облысында туған. Маңғыстау облысының ІІД бастығы, ҚР ІІМ Криминалдық полиция комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. Соңғы жұмыс істеген лауазымы – ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары.

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуов облыстың және көліктегі полицияның жаңа басшыларына жемісті еңбек тіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети