22 қаңтар 2016 16:35

Ақмола облысында қорапта "табылған" нәрестені шешесі өзі асырайтын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Ата-анасынан қорыққаннан өзінің нәрестесін қораптан тауып алдым деп айтқан келіншек қызын өзі асырайтын болды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнұр Пинчук хабарлады.


Ата-анасынан қорыққаннан өзінің нәрестесін қораптан тауып алдым деп айтқан келіншек қызын өзі асырайтын болды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнұр Пинчук хабарлады.

ІІД мәліметі бойынша, Ақмола облысының 20 жастағы тұрғыны әлі күнге дейін елордадағы ауруханалардың бірінде. "Оның өзі де, ата-анасы да нәрестеден бас тартып отырған жоқ. Қазіргі уақытта қыз бен шешесі дәрігерлердің қарауында. Процессуалдық іс болса әлі шешілген жоқ. Қылмыстық істің белгілері қарастырылып жатыр, бірақ құрамы белгісіз. Жас ана баланы өзі асырайды, қазіргі уақытта қылмыстық қудалау тоқтатылды", - деді Пинчук. 

Еске салайық, Ақмола облысының тұрғыны ата-анасынан қорыққаннан өзінің нәрестесін қораптан тауып алдым деп айтқан еді. Оқиға 19 қаңтарда болды. "Cағат 20.00-де Целиноград ауданы ІІБ кезекші бөліміне Қоянды ауылының 1996 жылғы тұрғынының таңғы кезде қораптан нәресте тауып алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жедел іздестіру шаралары барысында хабарлама берген қыздың нәрестенің анасы екені анықталды", - деді облыстық полиция қызметкерлері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети