27 ақпан 2018 09:21

Ақмола облысында оқушыны ұрған әкімге қатысты қылмыстық іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© КТК кадры © КТК кадры

Ақмола облысында сегізінші сынып оқушысын сабап тастаған ауыл әкімі қызметінен шеттетілді. Жанат Омаров ұлына қол көтерген 14 жастағы жасөспірімнен өш аламын деп, жуан жұдырығымен төмпештеп  тастаған. Басынан жарақат алған Диас Мұқан қазір Астанада ем алып жатыр. Ал, басы бәлеге қалған Қорғалжын ауылдық округі әкімі енді біржола мемлекеттік қызметпен қош айтысуы мүмкін. Бұл туралы "КТК" хабарлады.


Ақмола облысында сегізінші сынып оқушысын сабап тастаған ауыл әкімі қызметінен шеттетілді. Жанат Омаров ұлына қол көтерген 14 жастағы жасөспірімнен өш аламын деп, жуан жұдырығымен төмпештеп  тастаған. Басынан жарақат алған Диас Мұқан қазір Астанада ем алып жатыр. Ал, басы бәлеге қалған Қорғалжын ауылдық округі әкімі енді біржола мемлекеттік қызметпен қош айтысуы мүмкін. Бұл туралы "КТК" хабарлады.

Әкімнен таяқ жеген сегінші сынып оқушысы Диас Мұқанның миы шайқалып қатты шошынып қалған. Төсектен тұруға болмайды. Қазір ауылдан Астанаға жеткізіліп, осындағы балалар ауруханасында ем алып жатыр. Айтуынша, оны Қорғалжын ауылдық округінің әкімі сабап тастаған.

"Жүгіріп келді да жағымнан соқты. Мен орындығыммен құладым да басымды тумбочкаға соғып алдым. Сол кезде мен есімді білмедім талып қалдым. Есімді жиған кезде балалар айтты. Басымнан үш рет теуіп кеудемнен бір рет теуіпті", - деді зардап шеккен Диас Мұқан.

Төрт күн бұрын Қорғалжын ауданында болған жантүршігерлік жайтқа оқушылардың төбелесі себеп болған. Осындағы мына мектепте оқитын Диас Мұқан үзіліс кезінде өзінен бір сынып төмен оқитын баламен шекісіп қалған. Сөйтсе, таяқ жеген жасөспірім әкімнің баласы болып шығыпты.

"Әкімнің баласын интернатта жатқан бала ұрады. Кабинетке кіргізіп алады. Екінші бала алады да есікті жауып тұрады. Ана бала ұрады екен. Не үшін ұрдың деген сұрақ туындады ғой? Не үшін десек, ол бала менің інімді жұма күні иығымен қағып кетті дейді", - дейді мектеп директоры Қазыбек Шамбеков. 

Бауыры үшін лауазымды шенеуніктің баласымен жаға жыртысқан Диас кейін мектептің жанындағы интернатқа кетіпті. Ал, көзі көгерген жетінші сыныптың оқушысы болған жайтты әкім әкесіне айтып берген.

Еңгезердей еркектің өрімдей оқушыны сабап жатқанын мектеп директорының орынбасары көріпті. Айтуынша, Жанат Омаров расымен баланы басынан ұрып, аяғымен тепкен екен. Мұны әкімнің өзі де мойындап отыр. Бірақ, Диастың анасы атқамінерді кешірмеймін дейді. Полицияға да арызданып қойған.

"Ата-ана ретінде әділ жазаның болғанын қалаймын. Жазадан құтылып кетпесе екен. Баламның сондай жағдайда жатқанын, ауруханаға түскенін ешкім маған хабарлаған жоқ.Бала қорқып кетіп құлап қалған шығар деп ойладым. Кімнің тепкенін, қай адам тепкенін ішкі істер бөліміне барғанда бір-ақ естідім", - дейді баланың анасы.

Күллі елді шулатқан оқыс оқиғаға депутаттардың да назарынан тыс қалған жоқ. Балалардың құқығын қорғайтын омбудсмен Зағипа Балиева әкімнің жазасыз қалмайтынын айтып отыр.

Ал өз кезегінде мәжіліс депутаты Зағипа Балиеева әкім мен құқық қорғау органдарына тиісті құжаттарды жібергенін айтты. "Оның тәртібі тәртіптік кеңесте қаралады. Жазаға тартылады", - деді депутат.

Ал, дауға қалған Жанат Омаров қазір жұмысынан шеттетілген. Белгілі болғандай ол жарты жыл ғана әкім болып жұмыс істеген. Қазір дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Яғни, қасақана денсаулыққа зиян келтіру бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Әкімнің мемлекеттік қызметтегі тағыдырын тәртіптік комиссия шешеді. Әзірге ол жұмысынан уақытша шеттетілген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети