09 тамыз 2014 12:50

Ақмола облысының әкімі өңір құрылысшыларын қатты сынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин өңірді құрылысшыларын қатты сынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин өңірді құрылысшыларын қатты сынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстың құрылыс саласының өзекті мәселелері Көкшетауда аудан және қала әкімдерінің, басқарма басшылары мен құрылыс саласы кәсіпорындары жетекшілерінің қатысуымен өткен кеңесте талқыланды. "Біз тағы да соңындамыз. Егер қолдарыңыздан келмесе, неге мойындарыңызға аласыздар? Сіздерден кім сұрап жатыр? Масқара, нағыз масқара! Мен 15 жыл бойы әкім болып жұмыс істеймін. Мұндай жағдайды ешқашан көрген емеспін! Істі қолдарыңызға алып, жүгіресіздер, араға таныстарыңызды саласыздар. Мен ешкімді тыңдамаймын. Кім жұмыс істейтін болса, соны таңдаймыз", - деп мәлімдеді Кулагин құрылысшыларға.

ҚР Өңірлік даму министрлігінің (қазір Ұлттық экономика министрлігі - Авт.) 1 шілдедегі мәліметі бойынша Ақмола облысында кезекте тұрған адамдар үшін жалға берілетін тұрғын үйді салып бітіру бойынша қаржыны игеру көрсеткіші 67% болған. Бұл - республика бойынша соңғы орын. Несиеге берілетін тұрғын үйді іске қосу жөнінен қаржы 63%-ға, жас отбасыларға арналған жалға берілетін үй бойынша қаржы 50%-ға игерілген. Бұл да - республикадағы ең төменгі көрсеткіш. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жөнінен қаржы 79%-ға игерілді.

"Бұл - ашындыратын жайт! Ақмола - астана іргесіндегі облыс. Республика басшысы тамаша астана тұрғызды. Біздің аймақ орталығы одан 300 шақырымда тұр. Бұл жерде астанаға тән, сапалы, мерзімге сай құрылыстар жүруі керек. Егер қаламасаңыздар, қолдарыңыздан келмесе - кетіңіздер, жұмысты басқа, мейлінше адал, еңбекқор адамдарға беріңіздер!" - деді Кулагин.

Оның айтуынша, облыс басшысы қызметіндегі екі ай ішінде ол аймақтың құрылыс саласындағы ахуалды толық зерттеген. Бүгінде облыста жалпы қаржыландыру көлемі 40,5 млрд теңге болатын 175 нысан салынып жатыр. Мемлекеттік бағдарламалардың ішінде "Қолжетімді баспананың" үлес салмағы басым. Оның шеңберінде жалпы ауданы 29 мың шаршы метр болатын 17 көпқабатты тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр, оның үшеуі жас отбасыларға, бесеуі "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" салымшыларына арналған. Қазіргі уақытта құрылыс нысандарының көбі өндірістік кестеден кешігіп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети