12 желтоқсан 2019 17:59

Ақмолада ер адам судьяға пошта арқылы ақша жіберген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Ақмола облысында судьяға пошта арқылы ақшасы бар хат жолдаған ер адамға 350 мың теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Серіктестік департаментінің бас сарапшысы Сымбат Исрапулова Нұр-Сұлтанда өткен брифингте айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ақмола облысында ер адам "Казпочта" АҚ арқылы Көкшетау қалалық сотының судьясына некені бұзуға қатысты істі тездету туралы өтінішін жаза отырып, хаттың ішіне екі мың теңге салып жіберген. Осылайша оған 353 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынды", - деді Исрапулова.

Сондай-ақ, ол қазақстандықтардың мемлекеттік қызметкерлерге қандай сыйлықтар бермек болғанын айтып берді.

"Ақтөбе, Қызылорда, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарында пробациялық бақылауда жүрген 14 адам инспекторлардың телефонына заңсыз түрде ақша салып, оларға ақша бергені үшін жалпы сомасы 5 858 000 теңге айыппұл арқалады", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Серіктестік департаментінің бас сарапшысы

Ведомство өкілдері мемлекеттік қызметкерлерге қызметтік міндетін атқарғаны үшін сыйлық беруге тыйым салынатынын айтады. Сыйлықтың құны 2 АЕК-ден төмен болса, сыйлық берушіге 200 АЕК (505 000 теңге, 2019 жыл бойынша) мөлшерінде айыппұл салынады. Ал сыйлық алушыға 600 200 АЕК (1,5 миллион теңгеден аса, 2019 жыл бойынша) айыппұл салынады дейді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети