Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Ақмолада Заңгерлер одағы іске кірісті

03 Сәуір 2014, 17:21
0
©baq.kz
©baq.kz

Бүгін Ақмола облысында Қазақстан Заңгерлер одағының жиыны өтті. 2012 жылдан бастап Елбасының бастамасымен іске кіріскен Қазақстан заңгерлер одағы қазір еліміздің барлық аймағында жұмыс істеуде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шараға Ақмола облысы сот актілерін орындау департаменті қызметкерлері мен мемлекеттік сот орындаушылары қатысты. Заңгерлер одағы еліміздегі заң саласында қызмет атқаратын барлық заңгерлерді біріктіретін одақ саналады.

Бүгінде Қазақстан Заңгерлер одағы құрамында әлемнің 45 елінің өкілдері кіретін Халықаралық Заңгерлер одағының құрамына енді. Мұндағы біздің басты мақсатымыз халықты құқықтық сауаттандыру арқылы елімізде заңгерлердің мәртбесін арттыру болып отыр. Одаққа қолында заңгерлік дипломы бар әрі заң органдарында қызмет ететін азаматтар мүше бола алады, - дейді Қазақстан Заңгерлер одағының төрағасының міндетін атқарушы Дариға Құрманова.

Одақ төрағасының айтуынша, Қазақстан Заңгерлер одағының қатарына енгендер заң саласындағы кедергілер бойынша өздерінің ұсыныстары мен пікірлерін білдіре алады.

Алдағы қыркүйекте Ақмола облысының Бурабай ауданында Халықаралық Заңгерлер одағының конференциясы ұйымдастырылмақ.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай