22 мамыр 2017 23:39

Ақорда Назарбаевтың Сауд Арабиясына іссапары қорытындысы бойынша фотоесеп жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Ақорда Facebook желісіндегі парақшасында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Сауд Арабия Корольдігіне іссапары қорытындысы бойынша фотоесеп жариялады.


Ақорда Facebook желісіндегі парақшасында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Сауд Арабия Корольдігіне іссапары қорытындысы бойынша фотоесеп жариялады.

Осыған дейін Қазақстан Президенті "АҚШ - Ислам әлемі" саммиті аясында бірқатар мемлекеттердің басшыларымен және делегация жетекшілерімен келіссөздер жүргізгені хабарланған болатын.

"Сонымен қатар, Қазақстан Президенті мемлекетаралық ынтымақтастықтың түрлі мәселелері жөнінде Кувейт мемлекетінің Әмірі Сабах әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахпен, Катар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен, Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл Халифамен, Абу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен, Йеменнің Президентімен, Мавритания Президенті Мохаммед ульд Әбдел-Әзизбен, Пәкістанның Премьер-Министрі Н.Шарифпен пікірлесті", - делінген хабарламада.

Нұрсұлтан Назарбаев Ислам ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Юсеф бен Ахмед әл-Усайминмен өзара іс-қимылдың кейбір аспектілерін талқылады.  

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев "АҚШ - Ислам әлемі" саммиті барысында Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонмен кездесті. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети